Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Министр Қазақстан коронавирустың қай аймағында тұрғанын айтты

2767
(Жаңартылды 13:17 03.01.2021)
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді

АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Spunik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, әлем бойынша 220 елде 84 миллион адам инфекция жұқтырды, 1 миллион 840 мың адам қайтыс болды.

Ал Қазақстанда Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны  156 943 адамға жетті. Науқастардың 87%-і жазылды. Ал маусым-шілде айында бұл көрсеткіш 60%-тен асқан жоқ.

"Республика тәуекелі төмен "жасыл" аймақта тұр. Тәуекелі жоғары немесе "қызыл" аймақта Атырау облысы бар. "Сары" аймақта Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұр", - деді Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, министр үшінші тоқсаннан бастап мектеп бітіретін сыныптардың аралас оқу форматында білім алатынын айтты.

"Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында инфекция жұқтырғандар саны 3 972 балаға жетті, оның ішінде 1 047-сі кезекші сыныптарда оқыған", - деді министр.

Колледж және жоғары оқу орындарының бірінші курс  студенттері де екінші семестрден бастап штаттық режимде оқиды.

2767
Кілт сөздер:
Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2008)
Тағайындау, қызмет

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

879
(Жаңартылды 20:25 22.01.2021)
Ол әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім, басқарма басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдады. Ал 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандағы бойынша, 2018 жылы Қазақстан медицина университетінің дипломын алып шықты.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. 

Вице-министр здравоохранения Жандос Буркитбаев
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды 

Әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы астанадағы "Қан орталығын" басқарды. 2011-2019 жылдары Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры болды. 

2019 жылдың 23 қаңтарынн бастап Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы қызметін атқарды.

879
Кілт сөздер:
вице-министр, денсаулық сақтау
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Алексей Цой неге вакцина салдырмағанын түсіндірді
Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді
Денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет – мемлекет басшысы
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

36
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

36
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Қыстағы жол

Үш бірдей өңірде жолдар жабылды

399
Ауа райы бұзылып, жел мен боран салдарынан бірқатар өңірде жолдар жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратына сәйкес, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында барлық көлік түріне шектеу қойылды.

Жабылған жолдар тізімі

  • Алматы - Ташкент - Термез 159-239 километр, Кенен мен Қайнар арасы;
  • Алматы - Ташкент - Термез, 536-654 километр, Айша-Бибіден Машатқа дейін;
  • Алматы - Өскемен, 70-683 километр, Қапшағайдан Шығыс Қазақстан облысындағы Таскескенге дейін;
  • Өскемен - Алтай - Рахмановские ключи, 6-66 километр, Ушановтан Серебрянск бұрылысына дейін;
  • Үшарал - Достық, 0-184 километр;
  • Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас, 126-230 километр, Байсейіт пен Шонжы арасы;
  • Сарыөзек - Көктал, 3-178 километр;
  • Омбы - Майқапшагай, 756-906 километр, Семей - Қалбатау.
399