Қоғам

Телефонды сымсыз зарядтау қауіпті ме – сарапшы пікірі

© Photo : XiaomiXiaomi смартфоны
Xiaomi смартфоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сымсыз зарядталатын батарея 18 айдан кейін сыйымдылығының 20 процентін жоғалтады. Ал сымды зарядтаумен жұмыс істеген батареяның қабілеті 24 айдан кейін нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. "Роскачество" цифрлық өнімдерінің талдаушы-зерттеушісі Эльвина Насибулина телефонды сымсыз зарядтау оның батареясының қызмет ету мерзіміне кері әсер ететінін айтты, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

"Зарядтаудың мұндай әдісінен телефон батареясы қатты қызады. Сондай-ақ, сымсыз зарядтау классикалық сымды зарядтаумен салыстырғанда батареядағы қуат сыйымдылығын екі есе азайтады", – деді Насибулина.

ZDNet журналының мәліметі бойынша, сымсыз зарядталатын батарея 18 айдан кейін сыйымдылығының 20 процентін жоғалтады. Ал сымды зарядтаумен жұмыс істеген батареяның қабілеті 24 айдан кейін нашарлайды.

"Сымсыз зарядтау денсаулық үшін зиянсыз. Десек те, оның электромагниттік өрісін ескере отырып, кардиостимуляторы бар адамдар мамандардан кеңес алғаны жөн", – дейді "Роскачество" сарапшысы.

Оқи отырыңыз: Тұрғымбаев полиция кімдерді смартфон арқылы бақылайтынын айтты

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанда жастығының жанына телефонын зарядтауға қойып ұйықтаған 14 жасар мектеп оқушысы қайтыс болды. Ал 2020 жылы осыған ұқсас жағдайда 15 жасар қыз көз жұмды. Ол зарядтауға қосылған күйде телефонмен сөйлесіп тұрғанда электр тоғы соққан. Кейіннен марқұм арзан телефон зарядтау сымын жергілікті базардан сатып алғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0