Қоғам

Президент Наурыз мейрамын тойлауға қатысты ұсыныс жасады

© Sputnik / Vladislav Vodnev / Медиабанкке өтуДевушки в национальных костюмах во время празднования Наурыза на территории Астана Экспо
Девушки в национальных костюмах во время празднования Наурыза на территории Астана Экспо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті, деді мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жасауды ұсынды. Бұл туралы президент "Егемен Қазақстанда" жариялаған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында жазған.

"Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады", - деді Тоқаев.

Президент мақаласында қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі екенін атап өтті. Ол Біз Қазақстан көпэтностық сипатты артықшылыққа айналдыра алды, деп жазған.

"Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Көптеген шетелдік сарапшылардың елімізге қатысты "Еуразиядағы шырпы тисе, лап еткелі тұрған қурай", "failed state" сияқты болжамдарын жоққа шығардық. Бұл жолда тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болған Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді жұмыс атқарды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ешкімді ұлтына қарап, бөле-жару жоқ екенін баса айтты.

"Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек", - деді президент.

Оның айтуынша, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті.

"Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз. Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0