Шахта

Ақтөбеде шахтада қаза тапқан кеншілер отбасына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды

92
Еңбек инспекторларының айтуынша, компания қара жамылған отбасыларға Ақтөбе немесе Хромтаудан үй алып беруге міндеттелген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысындағы мыс компаниясының шахтасында қаза тапқан марқұмдардың отбасына 20 миллион теңгеден өтемақы төленетін болды. Сондай-ақ, жетім қалған балалары кәмет жасқа толғанша әкесінің жалақасы беріледі, деп хабарлайды КТК арнасы.

Осыдан алты күн бұрын Ақтөбе мыс компаниясында төрт кенші шахта ішінде газға уланып қаза тапқан. Тағы бір жұмысшы жарақат алып, қазір үйінде емделіп жатыр.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты республикалық комиссия тексеру жүргізуде. Оның құрамына мыс компаниясының жұмысшылары да кірді. Өйткені, қайғылы оқиға болған түні кеншілер тексеруге араластыруды сұрап талап қойған. Ал төрт жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, нақты кімнің жауапқа тартылатыны әзір белгісіз.

Дегенмен марқұмдардың отбасына қазірден бастап көмек көрсету тапсырылған. Еңбек инспекторларының айтуынша, Ақтөбе мыс компаниясы қара жамылған отбасыларға Ақтөбе немесе Хромтаудан үй алып беруге міндеттеліпті. Одан бөлек несиелері болса, толық жауап беруге тиіс. 

"Жұмысшылардың ұсынысы әрі бастамасымен ұжым атынан өкілдер қатысады. Жазатайым оқиғаға ұшыраған адамдардың отбасына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері анықталып жатыр. Атап айтқанда, үй мен несие мәселесі шешіледі", – деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының инспекторы Артур Әуезов.

Бұған дейін хабарланғандай қайғылы оқиға 30 желтоқсан күні "Ақтөбе мыс" компаниясына тиесілі "Весенне-Аралчинская" шахтасында болған. Бір жарым шақырым тереңдіктегі жарылыс жұмыстары төрт адамның өмірін қиды.

Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайдың соңғы себептері тергеу толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Оқи отырыңыз: Хромтау шахтасындағы жарылыс: тірі қалған кенші оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз газбен улану ер адамдардың өліміне себеп болуы мүмкін. Қазіргі кезде шахтадағы барлық жұмыс тоқтатылды. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыратын еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды.

92
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, апат
Тақырып бойынша
Арыстағы жарылыс: қанша адамға 100 мың теңге өтемақы төленді 
Қазақстандықтар пойыздың кешіккені үшін өтемақы ала алады
Комиссия шешімі өзгерді: Атырауда дәрігерлер шағымынан соң өтемақы төленетін болды
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды
Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті
Әлеуметтік желілер

Бас прокуратура желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

1360
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бас прокуратураның қаулысы таратылып жатыр. Бұл ақпарат жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.

Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.

Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.

Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.

 

1360
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар бас прокуратураның алдына жиналды
"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін пышақтап өлтірді
Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр
Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады 
Қалыңдық, архивтегі сурет

Қазақ бизнесмен мен украиналық тележүргізушінің тойы қалай өтті видео

3744
Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті. Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші  Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес,  бизнесмен Швейцарияда тұрады.

3744
Тақырып бойынша
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Қарағандыда тойда түсірілген видео желіде тарап кетті
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1780
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1780
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан