Елорданың безендірілуі

Қазақстанды не күтіп тұр: белгілі маман 2021 жылға болжам жасады

8863
(Жаңартылды 15:26 06.01.2021)
Астролог Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, экс-сенатор Дариға Назарбаева үшін сиыр жылы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова елді биыл ғарыш энергиясы тұрғысынан не күтіп тұрғанын болжады. Жұлдызнамашының айтуынша, сиыр жылы Қазақстанға оңайға соқпайды, саяси және экономикалық өзгерістер кезеңі болады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Кландар арасындағы тартыс

Астрологтың айтуынша, қаңтардан бастап Қазақстан Юпитер мен Сатурн планеталарының ықпалында болады. Ал бұл екеуі – әлеуметтік ғаламшар, сол себепті заң шығарушы және атқарушы билікте өзгерістер болжанады.

"Уран энергиясы биліктің орталықсызданатынын көрсетеді. Бұл дегеніміз, өкілеттіктердің бір бөлігі кезең-кезеңмен жергілікті органдарға мәжбүрлі немесе ерікті түрде беріледі. Алайда жергілікті билік мұны қалай пайдаланатынын әзірге айту қиын, өйткені билік пен кландар арасында бәсеке күшейеді, елдегі сыбайлас жемқорлықты да естен шығармаған абзал", - дейді Әбдірайымова.

Маманның болжамынша, ұлттық экономикада реформалар жасалып, кейбір мемлекеттік органдар қайта құрылуы мүмкін.

Экономикалық және әлеуметтік проблемалар өршиді. Үкімет елді дамытудың жаңартылған бағдарламасын әзірлейді деп күтілуде. Билікке азаматтық қоғамның өкілдерін тарту мәселесі жыл бойы өзектілігін жоғалтпайды. Астролог 2021 жылдың екінші жартысында бұл мәселе оң шешімін табуы мүмкін екенін болжап отыр.

"Сиыр жылы – саяси реформалар бастауы. Парламенттің рөлі өсуі мүмкін, бірақ президент пен үкімет бәрібір де негізгі рөл ойнайды. Жазда кландар арасындағы тартыс бәсеңдейді немесе олар билікті бөлу туралы мәмілеге келуі мүмкін. Билікке басқа партиялардың өкілдері өтеді", - дейді қазақстандық жұлдызнамашы.

Әбдірайымова 10 қаңтарға жоспарланған парламент сайлауы тыныш өтпеуі мүмкін екенін ескертті. Халық наразылық танытып, ол 2021 жылдың сәуіріне дейін жалғасуы мүмкін.

Ел экономикасына болжам

Ирина Әбдірайымованың болжамынша, қаңтардан мамырға дейін Қазақстан экономикасы күрделі кезеңді бастан кешіреді.

Жылдың бірінші жартысында әлемдік нарықтағы құбылмалылықтан ұлттық валюта құлдырайды деп күтілуде. Мұнай бағасының төмендеуі де экономикаға теріс әсер етеді.

Тағы оқыңыз: 2021 жылға жұлдыз жорамал: сиыр жылы кімдер үшін табысты болады

"Жылдың екінші жартысы оңай болады. Көктемнен жазға қарай Юпитер, Уран, Нептун және Плутон үйлесімді аспект жасайды. Бұл дегеніміз, елді дамытуға және экономиканы көтеруге бағытталған бағдарламалар әзірленеді. Шет мемлекеттермен қаржы қарым-қатынасы жолға қойылады, елге инвестиция құйылады", - деді астролог.

Сондай-ақ, айтуынша, электронды ақшаның рөлі артады, төлем жүйесі қолма-қол ақшадан біртіндеп бас тартады.

Тағы қандай проблемалар күтіп тұр

Ирина Әбдірайымова қаңтар, ақпан және маусым айларында топтық белсенділік, банк-кредит жүйесі, атом және мұнай-газ өнеркәсібі, апаттар мен табиғи апаттар, атом энергиясы, эпидемия, тіпті соғыспен байланысты оқиғалар болуы мүмкін екені ескертті.

Сондай-ақ, бұл – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік ұйымдарға кіру немесе шығу, қолданыстағы шарттарды қайта қарау, кейбір саясаткерлердің саяси аренадан кететін уақыты.

"Жұлдыздар бұл кезеңде жаппай тәртіпсіздіктерді нұсқап тұр. Мектептерде жыныстық тәрбие беру сабағын енгізуге қарсылық туады. Міндетті вакцинациялау мәселесі көтеріледі. Ақпан айынан бастап жыл соңына дейін бала туу көрсеткіші төмендеуі мүмкін", - деді маман.

Астролог қазақстандықтарды осы кезеңде дау-жанжал мен жол апатынан сақтануға шақырды.

Назарбаев пен Тоқаев үшін сиыр жылы қандай болады

Ирина Әбдірайымова Елбасы мен қазіргі президент үшін 2021 жылдың қай айы қиынға соғатынын болжады.

Тағы оқыңыз: 2021 жылы халықтың әл-ауқаты нендей күйде болмақ – экономистер болжам жасады

"Нұрсұлтан Назарбаев үшін 2021 жылдың қаңтар айы – қиын кезең, ал Дариға Назарбаева үшін – қаңтар, шілде және күз мезгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев үшін – көктем, жалпы сиыр жылы президент үшін жаман болмайды, тек жыл соңында оған бірқатар күрделі проблеманы шешуге тура келеді", - дейді жұлдызнамашы.

Астролог Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын, елдің саяси және экономикалық өмірін реформалар күтіп тұрғанын айтты.

"Ел үшін қиын кезең – жылдың алғашқы жартысы мен желтоқсан айы. Жалпы сиыр жылы оңай болмайды. Өзгерістер кезеңінен абыроймен өтсек, Қазақстанның болашағы жарқын болады", - деді ол.

8863
Кілт сөздер:
астролог, болжам, Сиыр жылы, 2021 жыл
Тақырып бойынша
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Сиыр жылы қазақ үшін жайлы бола ма - этнограф 2021 жыл қандай болатынын айтты
2021 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады
Қазақстанда 2021 жылы ең төменгі жалақы қанша болады
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 1 397 адам коронавирус жұқтырды

56
(Жаңартылды 08:16 27.01.2021)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 181 117 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 397 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус індетіне шалдыққандардың ең көбі Павлодар облысында (219) тіркелді. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (147) мен Қостанай облысында (141) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 147,
  • Алматы қаласы - 139,
  • Шымкент қаласы - 10,
  • Ақмола облысы - 213,
  • Ақтөбе облысы - 6,
  • Алматы облысы - 64,
  • Атырау облысы - 70,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 53,
  • Жамбыл облысы - 23,
  • Батыс Қазақстан облысы - 95,
  • Қарағанды облысы - 78,
  • Қостанай облысы - 141,
  • Қызылорда облысы - 11,
  • Маңғыстау облысы - 10,
  • Павлодар облысы - 219,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 108,
  • Түркістан облысы - 10.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 181 117 адамға жетті.

56
Кілт сөздер:
коронавирус, індет
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма – министрлік жауабы  
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Архивтегі фото

"Мұндай жағдайға тап боламын деп ойламадым": елорда тұрғыны вирусқа сенбеген

1012
(Жаңартылды 18:34 26.01.2021)
Стационарда коронавирустан емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова аурухана төсегіне таңылатынына сенбеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген елордалық жұқпалы аурулар мамандары қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырды.

Коронавируспен ауруханаға түсушілердің көбеюін ескере отырып, медицина қызметкерлері карантин режимін сақтау бойынша алдын алу шараларын ұмытпау керектігін еске салды, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемді әбігерге салған індет: қазақстандықтар неге вирустың барына сенбеді? 

"Күзде науқас саны аз болды. Кейбірі тіпті вирус тоқтады деп те ойлаған болса керек. Бірақ инфекция түбегейлі жойылған жоқ. Коронавирус үдеп тұрған шақта күн мен түнді айыра алмаған кезіміз болды. Уақытқа қарап, қай шақта жұмыс істеуіміз керектігін ойлаған жоқпыз. Коронавирустың күрт өршуі мен таралуының қайталануына жол бермеуіміз керек. Кейбіреулер қаланы бетпердесіз аралап, санитарлық нормаларды елемей жатыр. Ал біз мұнда күн сайын науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жүрміз", - дейді қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігері.

Стационарда коронавирустан емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова аурухана төсегіне таңылатынына сенбеген екен.

"Бұл қауіпті вирустың елімізге зиян тигізгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде мен алаңсыз жүріп, денсаулығым туралы ойлаған емеспін, вирус жоқ деп те ойладым. Бірақ өзімді нашар сезінген сәттен бастап, бірден медициналық көмекке жүгіндім. Өкінішке қарай, менен коронавирус шықты. Шынымды айтсам, мұндай жағдайға тап боламын деп ойламаған едім. Бұл ешқандай да әзіл емес екен”, - дейді Өміржанова.

1012
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Бейнебақылау камералары

Петропавлда 100-ден астам бейнебақылау камерасы іске қосылды

4
(Жаңартылды 10:36 27.01.2021)
Бейнебақылау жүйелері белгіленбеген жерге қоқыс тастайтын және қоғамдық тәртіпті бұзатын вандалдар және бұзақылармен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Петропавлда қоқыс алаңдары мен автомобиль тұрақтарына және автобус аялдамаларына бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімдіктің мәліметінше, қала бойынша барлығы 120 камера орнатылған.

"Бұл камералар бұзақылық әрекеттердің алдын алу үшін орнатылды. Яғни, қоқысты арнайы белгіленбеген орындарға тастайтындарды анықтауға көмектеседі. Бақылау камералары IKOMEK-109 қызметімен байланыстырылған және жазбалар апта бойы базада сақталады", – делінген хабарламада.

Айталық, жуырда ғана аялдамадағы шыны әйнекті сындырған бұзақылар жаңа камералардың көмегімен табылған.

Сол сияқты вандализм фактісі туралы әрекеттер де осы құрылғылардың көмегімен анықталған. Алкогольдік ішімдік ішкен азаматтар үш автобус павильонының витражын шағып тастаған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша, олардың әрқайсысының құны 440 мың теңгеден асып түседі.

Оқи отырыңыз: Астанада бақылау камерасы мен куәгерлердің арқасында тонаушылар қолға түсті

Қазіргі кезде күдікті ретінде колледждің екі студенті мен олардың кәмелет жасқа толмаған досы ұсталды.

4
Кілт сөздер:
бейнекамера, бақылау
Тақырып бойынша
Петропавл тұрғыны үйді жарып жібермек болды: шұғыл операцияның видеосы
Теміртаудағы сұмдықтан кейін барлық балабақшаға бейнекамера орнатылмақ
Петропавл тұрғынының әйеліне көрсеткен азабы дүйім жұрттың жағасын ұстатты
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Елордалық спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесінде бақылау камерасы табылды