Қоғам

Шымкентте карантин ұзартылды – бас санитар жаңа қаулы шығарды

© Sputnik / Елена БережнаяТермометр
Термометр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантиндік шектеулер 25 қаңтарға дейін ұзартылғандықтан, 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында карантин тағы ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", – делінген бас санитардың қаулысында.

Осы құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары үшін шектеу шаралары сақталап отыр. Олар:

  • адамдар көп жиналатын шараларды (туған күндер, мерейтойлар, құдалық, той, беташар және тағы басқа) өткізуге рұқсат жоқ;
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі;
  • бетперде кию мен арақашықтықты сақтау қажет;
  • аулаларда, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда және балалардың ойын алаңында 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне ғана жүруге болады;
  • қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде киіп, антисептик қолданып жүру керек.

"Қазпошта" АҚ пен ХҚКО-лар таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жабық базарлар 06:00 – 18:00, ал мереке күндері 09:00 – 17:00 аралығында ашық болады. Ал ашық базарлар қалыпты жағдайда істей береді. Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 07:00-ден бастап түнгі сағат 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бірақ банкет өткізуге болмайды.

"50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын", – делінген қаулыда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бір облысы коронавирустың "қызыл" аймағына қайта оралды

Жаңалықтар
0