НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты барлық операция онлайн-форматта жасалады. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ. Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.
"Осы заңға қатысты барлық актіге қол қойылғаннан кейін онлайн-платформа іске қосылады. Сол жерде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы өтінішті қашықтан беруге мүмкіндік болады. Барлық операция онлайн-форматта жасалатынын еске саламыз. Ол үшін банкке келудің қажеті жоқ", - дейді банк қызметкерлері.
Айта кетейік, бұған дейін "Отбасы банк" басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қытысты өтініш қабылдайтын онлайн-порталдың 8 қаңтарда іске қосылатыны туралы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, уақыт жағынан шектеу жоқ. Сондықтан банкке барып, өтініш берудің қажеті жоқ.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды
Ал Бірыңай жинақтаушы зейнетақы қоры таратқан мәліметке сәйкес, бес жұмыс күні ішінде ақша уәкілетті операторға аударылады.
"Зейнетақы жинағы арнайы шотта 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс", - делінген ресми хабарламада.
Биылдан бастап 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 триллион теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығына ие болады. Жинақтың жеткіліктілік деңгейінен асатын орташа сома шамамен 3,2 миллион теңгені құрайды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.
"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.
Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.
Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.
"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Бұған дейін Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.
Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.
"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.
Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Шымкентте егде тартқан кейуананы туған қыздары мен күйеу баласы сабап тастады. Оған баспана дауы себеп болған.
Өз үйін өзінен қызғанған ет жақындары 71 жастағы әжейді тепкілеп тастаған, деп хабарлады КТК.
"Ержан қатты сүйреді, Мырзабай да жанында жүр. Ол да бір жағынан сүйреді. Мен еңкейіп қалдым. Бір қарасам екі қыз теуіп, ұрып жатыр, анау Нағима еңкейсем шашымды жұлды. Не істеймін мен енді? Төртеуі маған жабылды", - дейді кейуана.
Зіңгіттей күйеу балалары мен қыздары анасының бірнеше жерін жарақаттаған. Қолы қанап, етегі жасқа толған зейнеткерді өзінің тағы бір қызы түсіріп алыпты.
Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео
Жеті құрсақ көтерген әжей отағасы қайтыс болған соң даңғарадай үйде жалғыз тұрған. Кейін кенжесі күйеуімен көшіп келген соң, көп ұзамай қызы көз жұмады. Осыдан кейін күйеу баласы басқа бажалары және қыздарымен ақылдасып, қарияны өз үйінен қуып шықпақшы болыпты.
Желтоқсан айында болған жанжалды Еркін Қахаров есімді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Енді бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.