Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біршама төмендеді

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирка с тестом на коронавирус
Пробирка с тестом на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйткенмен, Алматы қаласы (+116) мен Павлодар облысындағы (+113) бұл көрсеткіш әлі де көңіл көншітерліктей емес

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 780 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 843 қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғанын хабарлаған едік.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Алматы қаласында – 19517 (+116),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19256 (+37),
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 19213 (+54),
  • Атырау облысында – 14319 (+54),
  • Қарағанды облысында – 12411 (+40),
  • Павлодар облысында – 9892 (+113),
  • Батыс Қазақстан облысында – 9576 (+45),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 9133 (+54),
  • Қостанай облысында – 8105 (+64),
  • Ақмола облысында – 7776 (+60),
  • Алматы облысында – 7593 (+62),
  • Шымкент қаласында – 5599 (+29),
  • Жамбыл облысында – 5131 (+19),
  • Маңғыстау облысында – 3800 (+10),
  • Ақтөбе облысында – 3753 (+9),
  • Түркістан облысында – 3764 (+14),
  • Қызылорда облысында – 3435 (+0).

Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 162 273 жетті.

Жаңалықтар
0