Қоғам

Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневКасым-Жомарт Токаев на избирательном участке
Касым-Жомарт Токаев на избирательном участке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент сайлаудан кейін фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен ақылдасу үшін парламентке барады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр мен министрлердің кандидатурасын ақылдасу үшін парламентке баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барамын. Фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев журналистерге мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Президент елде сайлауға байланысты митинг бола қалған жағдайда, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін айтты. Наразылыққа қатысушылар қудаланбайды деп сендірді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев дауыс бергеннен кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады  

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлауда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 11,6 проценті өз таңдауын жасады.

Мәжілістегі орындарға бес партия таласып жатыр:

  • Қазақстан халық партиясы;
  • Nur Otan партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • "Адал" саяси партиясы.
Жаңалықтар
0