Қоғам

ОСК қазақстандықтардың дауыс беруіне қатысты соңғы ақпаратты таратты

© Sputnik / Владислав ВодневСайлау учаскесіндегі адамдар
Сайлау учаскесіндегі адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Павлодар облысы мен Шымкент қаласының сайлаушылары белсенді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Елорда уақытымен 12.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 28,8 проценті дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 28,8 проценті сайлау бюллетенін алды.

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Ақмола облысы – 26,6%,
  • Ақтөбе облысы – 25,6%,
  • Алматы облысы – 28,5%,
  • Атырау облысы –  29,8%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 32,2%,
  • Жамбыл облысы – 32,1%,
  • Қарағанды облысы – 33,5%,
  • Қостанай облысы –  30,1%,
  • Қызылорда облысы – 28,9%,
  • Маңғыстау облысы –  23,7%,
  • Павлодар облысы –33,1%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 34,2%,
  • Түркістан облысы – 33,1%,
  • Шығыс Қазақстан облысы –  29,9%,
  • Алматы қаласы – 15,7%,
  • Шымкент қаласы –  34,1%,
  • Нұр-Сұлтан қаласы –  24,2%.

Сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы ақпарат әр екі сағат сайын жарияланып отырады.

Мәжіліс сайлауы

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттік сайлауда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. Олардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиялары екі күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама ұсынуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Сайлау күні неке қидырған елордалық жастар дауыс беруге той көйлегімен келді

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Жаңалықтар
0