Қоғам

Алматылықтар интернеттің нашарлағанына шағымданып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолға ұстаған смартфон
Қолға ұстаған смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik фототілшісінің ұялы телефонына интернетті Tele2 байланыс операторы өшіргені туралы хабарлама келген

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік астананың тұрғындары өз құрылғыларындағы мобильді интернет жұмысының ақауы мен мүлде қосылмауына шағым білдіруде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кету керек, мегаполис орталығында интернет мүлде жоқ. Алматылықтар бір-бірінің ұялы телефондарына қоңырау соғу арқылы ғана байланысып отыр.

Сонымен қатар, Алматының басты екі алаңының аумағындағылар үшін мобильді интернет қолжетімсіз болып қалған. Негізінде, дәл осы орындарда қазақстандық белсенділердің рұқсат етілмеген митингі өтеді деп болжанған болатын.

Sputnik фототілшісінің ұялы телефонына интернетті Tele2 байланыс операторы өшіргені туралы хабарлама келген.

Бүгін Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сайлау учаскесіндегі бейнебақылау камерасын скотчпен жауып тастаған

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш басталады. Себебі, бұл аймақтар басқа уақыт белдеуінде орналасқан.

Жалпы, ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскелері ашылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың жалпы саны 11 миллион 919 мың 241 адамды құрайды.

Жаңалықтар
0