Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан екі адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда бірнеше күннен бері коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болғандар саны азайып келеді

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. 10 қаңтарда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар өткен тәулікте 746 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, 27 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қатысты жаңа мәлімет жарияланды 

11 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 498 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастардың арасында 272 адамның жағдайы ауыр, 54 адам аса ауыр жағдайда жатыр. 45 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0