Қоғам

Министрлік үшінші тоқсанға қатысты ақпаратты хабарлады

© Sputnik / Владислав Воднев Школьники зимой
 Школьники зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы мектеп оқушылары үшінші тоқсанда соңына дейін оқымады. Коронавирус пандемиясына байланысты барлығы уақытынан бұрын демалысқа шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі үшінші тоқсандағы оқуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстандық мектептерде үшінші тоқсан кеше, 11 қаңтар күні жоспарлы түрде басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғасатын болады. Бұл тоқсанда екінші тоқсандағыдай жалпы білім беретін мектептерде 1-5 кезекші сыныптарда және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылған", - деді вице-министр Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Бұдан бөлек, 300-ге дейін оқушысы бар мектептерде оффлайн сабақтар жалғасады. 

"Осы тоқсанның ерекшелігі, жалпы білім беретін мектептерде 9-11 сыныптарда, сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10-12 сыныптарда оқыту штаттық форматта басталды. Сонымен қатар, осы сыныптарда пәндердің 70 проценті – штаттық режимде және 30 проценті қашықтан оқыту форматында өтеді. Пәндерді мектептердің өздері анықтайды", - деп атап көрсетті Каринова.

Ал мектеп-интернаттарда тұрып оқуға рұқсат бар. Оқушылар үшін жеке консультациялар өткізуге болады. 

"Қазіргі кезде 1-5 сыныптардың 24 проценті, ал 300-ге дейінгі мектептерде оқушылардың 10,3 проценті дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Сонымен қатар, жаңадан 9-10 және 10-12 сыныптардың 7,4 проценті штаттық режимге көшті. Ал оқушылардың 58,3 проценті – 2 миллион оқушы қашықтан білім алып жатыр", - дейді Каринова. 

Өткен жылы мектеп оқушылары үшінші тоқсанда соңына дейін оқымады. Коронавирус пандемиясына байланысты барлығы уақытынан бұрын демалысқа шыққан болатын.

Жаңалықтар
0