Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевқа халық қаншалықты сенеді сауалнама қорытындысы жарияланды

5099
(Жаңартылды 12:48 13.01.2021)
2020 жылдың нәтижесі бойынша президентке деген сенімнің деңгейі 9 процентке артып, 70 процентке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қоры жемқорлыққа қатысты сауалнама жүргізу кезінде халықтың кімге көбірек сенетінін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз респонденттерден мемлекеттік органдар мен саясат өкілдерінің ішінде кімге сенетінін сұрадық. 2019 жылмен салыстырғанда президенттен басқа барлық мемлекеттік органға деген сенімнің төмендегенін байқап отырмыз. 2020 жылдың нәтижесі бойынша президентке деген сенімнің деңгейі 9 процентке артып, 70 процентке жетті", - деді қоғамдық қордың атқарушы директоры Ольга Шиян астанада өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, халықтың сенімі жағынан екінші орында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұр. Ол 63 процентке ие болды. Үшінші орында – үкімет (59 процент), төртінші орында – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, бесінші орында – Nur Otan, алтыншы орында бұқаралық ақпарат құралдары орналасты.

Оқи отырыңыз: Қазаққа жерді ешкім сыйға тартқан жоқ - Тоқаев 

Айта кетейік, сауалнама өткен жылы күзде ұйымдастырылған. Оған республика бойынша 9 000 адам қатысты. Бұдан бөлек, ашық диалог порталына түскен мыңдаған арыз-шағым зерделенді. Ал зерттеу жұмысына 200-ге жуық сарапшы тартылды.

Сауалнама кезінде Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау және Қызылорда облыстарының тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болатынын жеткізді. Жемқорлық қаупі жоғары мекемелер де анықталды. Олар:

  • ауруханалар;
  • полиция;
  • жер қатынастары басқармасы;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар.

Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі себептердің тізімін де жасады. Оған сәйкес, өткен жылы бірінші орынға емделуге жолдама алу мәселесі шықты. Соның ішінде коронавирус және басқа да ауруларға қатысты ем-дом шаралары бар. Одан кейін жұмысқа тұру мен баланы балабақшаға орналастыру мәселесі тұр. Адамдар сол үшін пара беруге дайын. Ал делдалдар ақша сұраудан ұялмайды. Дағдарысқа байланысты параның көлемі біршама азайды. Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Жамбыл облысында "парасыз ешнәрсе шешілмейді" деген пікір әбден орныққан.

5099
Кілт сөздер:
сауалнама, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр
Тоқаев мораторийді ұзартатынын мәлімдеді
"Жұрт алдында ұпай жинағым келмейді": Тоқаевтың ел есінде қалған атышулы мәлімдемелері
Мемлекет басшысы митинг жайлы: ешкім қудаланбайды
Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 1 397 адам коронавирус жұқтырды

33
(Жаңартылды 08:16 27.01.2021)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 181 117 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 397 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус індетіне шалдыққандардың ең көбі Павлодар облысында (219) тіркелді. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (147) мен Қостанай облысында (141) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 147,
  • Алматы қаласы - 139,
  • Шымкент қаласы - 10,
  • Ақмола облысы - 213,
  • Ақтөбе облысы - 6,
  • Алматы облысы - 64,
  • Атырау облысы - 70,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 53,
  • Жамбыл облысы - 23,
  • Батыс Қазақстан облысы - 95,
  • Қарағанды облысы - 78,
  • Қостанай облысы - 141,
  • Қызылорда облысы - 11,
  • Маңғыстау облысы - 10,
  • Павлодар облысы - 219,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 108,
  • Түркістан облысы - 10.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 181 117 адамға жетті.

33
Кілт сөздер:
коронавирус, індет
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма – министрлік жауабы  
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Архивтегі фото

"Мұндай жағдайға тап боламын деп ойламадым": елорда тұрғыны вирусқа сенбеген

995
(Жаңартылды 18:34 26.01.2021)
Стационарда коронавирустан емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова аурухана төсегіне таңылатынына сенбеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген елордалық жұқпалы аурулар мамандары қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырды.

Коронавируспен ауруханаға түсушілердің көбеюін ескере отырып, медицина қызметкерлері карантин режимін сақтау бойынша алдын алу шараларын ұмытпау керектігін еске салды, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемді әбігерге салған індет: қазақстандықтар неге вирустың барына сенбеді? 

"Күзде науқас саны аз болды. Кейбірі тіпті вирус тоқтады деп те ойлаған болса керек. Бірақ инфекция түбегейлі жойылған жоқ. Коронавирус үдеп тұрған шақта күн мен түнді айыра алмаған кезіміз болды. Уақытқа қарап, қай шақта жұмыс істеуіміз керектігін ойлаған жоқпыз. Коронавирустың күрт өршуі мен таралуының қайталануына жол бермеуіміз керек. Кейбіреулер қаланы бетпердесіз аралап, санитарлық нормаларды елемей жатыр. Ал біз мұнда күн сайын науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жүрміз", - дейді қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігері.

Стационарда коронавирустан емделіп жатқан Әйгерім Өміржанова аурухана төсегіне таңылатынына сенбеген екен.

"Бұл қауіпті вирустың елімізге зиян тигізгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде мен алаңсыз жүріп, денсаулығым туралы ойлаған емеспін, вирус жоқ деп те ойладым. Бірақ өзімді нашар сезінген сәттен бастап, бірден медициналық көмекке жүгіндім. Өкінішке қарай, менен коронавирус шықты. Шынымды айтсам, мұндай жағдайға тап боламын деп ойламаған едім. Бұл ешқандай да әзіл емес екен”, - дейді Өміржанова.

995
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы

Қарапайым өрт сөндірушінің әрекеті желі қолданушыларының таңданысын тудырды видео

0
Кәдуілгі балтаны пайдаланып түрлі жаттығулар жасаған өрт сөндірушінің әдеттен тыс жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады

Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.

Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.

Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.

0