Қоғам

Екі мыңнан аса қызметкердің жалақысы артты: тізімде кімдер бар

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2022 жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 25%-ке, 2023 жылы 25%-ке өсетіні айтылып отыр

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда екі мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ке артты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет қаулысына сәйкес, Алматыда 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2 091 адамның жалақысы 50%-ке көбейді. 

Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызметкерлері, "Қамқор" әлеуметтік үйінің, "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері бар. 

Сонымен қатар "Шаңырақ", "Демеу", "Аяла", "Парасат", "Шапағат", "Сенім" әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, "Жан-Сая" дағдарыс орталығы, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы, аудандық әкімдіктер мен аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінің әлеуметтік қызметкерлерінің де жалақысы артты.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2022 жылы осы қызметкерлердің жалақысы 25%-ке, 2023 жылы 25%-ке өседі.

Айта кетсек, үкімет азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйым қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулыға өзгеріс енгізген болатын. Шешім осы құжат негізінде қабылданды.

Жаңалықтар
0