АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. "Найман" лақап атымен танылған MMA спортшысы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегіне дайындығы мен қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.
Sport.kz сайтының хабарлауынша, Хамитов 22 қаңтарда Магнитогорсктегі Fight Nights Global турнирінде ресейлік файтер Алексей Ильенкоға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазір ол дайындықтың соңғы кезеңінде тұр.
"Менде ешқашан ММА жаттықтырушысы болған емес. Әрдайым өзім дайындалдым. Қазір топ жинап, күндіз-түні бірге жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. Күніне екі рет дайындаламыз. Бәрі жақсы, қарсыласқа қарай дайындалып, солақайлармен жұмыс істеп жатырмын. Зерттеп, дайындыққа қажеттің бәрі жасалуда", - деді Хамитов.
Айтуынша, арасында шаршап, тезірек алаңға шығып, демалысқа кеткісі келеді. Сонымен қатар сұқбат барысында волейболшы Сәбина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.
"Оның тұрмысқа шыққанына қуаныштымын. Анджелина Джолидің өзі болса да, алдағы екі жылда үйлену туралы жоспарым болған жоқ. Сондықтан ол үшін қуаныштымын. Мені ұлы істер күтіп тұр, сондықтан жеке өмір сияқты ұсақ-түйекке алаңдай алмаймын. Біз Сабина екеуміз араластық. Ол 24 жаста, оған сол қажет болды, мен оған оң көзқараспен қараймын және бақыт тілеймін", - деді Хамитов.
Айта кетейік, 2020 жылы отандық телеарнаның біріне сұқбат берген Хамитов Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан. Кейінірек Сабина Алтынбекова "Найманды" өмірімде бір рет қана көрдім деп мәлімдеді.
Желтоқсанның соңында волейболшы тұрмысқа шықты. Оның таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті.
Екі тойдан бас тартып, №1 Алматы облыстық балалар үйіне көмек көрсетті.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тірі туыстарын "жерлеу" үшін тұрғындардан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шал ақын ауданының полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде екі алаяқтық фактісін анықтады.
15 ақпанда Сергеевканың 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ер адам бұған дейін істі болған.
"Тергеу барысында күдіктінің былтыр желтоқсанда жергілікті тұрғындардың бірінен апасын "жерлеуге" 50 мың теңге алғаны анықталды. Алайда оның ешқашан апасы болмаған", - делінген хабарламада.
Қаңтар айында күдікті аудандағы шаруа қожалығына қара жұмысшы болып кіреді. Екі апта жұмыс істегеннен кейін бастығынан материалдық көмек сұрайды. Бұл жолы ақша анасын "жерлеуге" қажет болған.
Тағы оқыңыз: Дәретханаға сұранған: Алматыда ер адам тергеу изоляторынан қалай қашып кетті
Әйелдің тірі және аман-сау екенінен хабарсыз кәсіпкер қарамағындағы қызметкеріне 62 мың теңге берген. Осыдан кейін ер адам жұмысқа шықпаған.
Екі факті де Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда перзентханалардың бірінде әйел көз жұмды. Бұл фактіні қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Ана өлімі 2 наурызда тіркелді. Қазіргі таңда перзентханада тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталған соң, қорытынды аламыз", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиева онлайн брифингте.
Босанған әйелдің өлімі туралы жекелеген БАҚ бейсенбі, 4 наурызда хабарлаған еді. Пациент өлерінің алдында туыстарына ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданған.
"Жемқорлық фактілері туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ, егер бұған қатысты тергеу жүріп, бәрі дәлелденсе, біз өз тарапымыздан шара қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Мырзағалиева.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға әйелдің сәбиі аман қалғанын нақтылады.
"Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді ведомстводан.
Мырзағалиева босанған әйелдің өліміне аурухана басшылығы кінәлі екені анықталса, басқарма қатаң шара қабылдайтынын жеткізді.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.
Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.