Қоғам

Министрлік коронавирус пен пневмониядан неше адам қайтыс болғанын жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинАурухана бөлмесі
Аурухана бөлмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы 166 146 адам инфекция жұқтырды, 2 386 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бері 46 666 адам пневмонияға шалдықты, 533 адам көз жұмды

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік ақпаратына сәйкес, алты адам коронавирустан, бір адам пневмониядан қайтыс болды.

15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 734 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 142 пациент стационарда, 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 285 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты

Сонымен қатар өткен тәулікте 835 адам коронавирус жұқтырды, 76 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 166 146 адам инфекция жұқтырды, 2 386 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бері 46 666 адам пневмонияға шалдықты, 533 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0