Қоғам

Тоқаев аудан әкімдерін сайлауға қатысты жоспармен бөлісті

© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беру жәшігі
Дауыс беру жәшігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының пікірінше, алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда онымен де шектеліп қалмауымыз керек", – деді Тоқаев VII шақырылымдағы парламент сессиясында.

Осы орайда президент шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін керек екенін де жеткізді.

"Бұл бағытта реформалардың екінші бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Онда барлық партиялардың, соның ішінде кеше парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді және болашақта да назарымызда болады", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді

Жаңалықтар
0