Қоғам

Нұрлан Нығматулин депутаттарға алғыс айтты

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаСпикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин
Спикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс төрағасы сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімі мен тәжірбиесін жұмсауға уәде берді

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин лауазымды қызметте кандидатурасын қолдаған депутаттарға алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті депутаттар, құрметті әріптестер! Ең алдымен мені тағы да осы жоғары лауазымды қызмет – мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік", - деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген міндеттерін орындау үшін, сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімі мен тәжірбиесін жұмсауға уәде берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы сайланды 

Айта кетейік, парламенттің жетінші шақырылымының жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы болып сайланды.

Жаңалықтар
0