Қоғам

Қазақстанда ескі техниканы қабылдау басталады

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуНеисправный комбайн
Неисправный комбайн - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір агротехника үшін 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін алуға болады. Мәселен, толық жиынтықтағы комбайнға  2 миллион теңгенің сертификаты беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. 18 қаңтардан бастап тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы басталады. Ескі агротехника 11 аймақта қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оператордың ресми сайтына сілтеме жасап.

"18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған мен Шымкенттің қабылдау бекеттері өз жұмысын бастайды. Ал 1 ақпанда Павлодар, Алматы мен Тараз қалаларында іске қосылады", - делінген ресми хабарламада. 

Ауылшаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау квотасының мөлшері де бекітілді. Биыл осы санаттағы 2 380 техниканы қабылдау жоспарланып отыр. Соның ішінде  1 900 трактор мен 480 комбайн бар. 

Ал жеңілдік сертификатының құны тапсырылатын техниканың түрі мен жиынтығына байланысты. Бір агротехника үшін 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін алуға болады. Мәселен, толық жиынтықтағы комбайнға  2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Ал толық емес жиынтық үшін 1,5 миллион теңге қарастырылған. 

Сондай-ақ, толық жиынтықтағы тракторларға 1 миллион теңге, толық емес жиынтыққа 560 мың теңгенің сертификаты беріледі. 

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады. Сонымен қатар екі сертификатты біріктіруге және оны басқа адамның атына тіркеуге (2 реттен артық емес) болады.  Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды. 

"Агротехниканы өткізетін адамдарға ыңғайлы болу үшін recycle.kz сайтында алдын ала өтінімді қарайтын жүйе енгізілді. Сол арқылы көлік тапсырушы техникасын электронды кезекке қоя алады. Ол үшін ауыл шаруашылығы техникасының иесі арнайы электрондық үлгіні толтырады. Оған керегі екі-ақ құжат: жеке куәлік және техниканы тіркеуден шығарғандығы туралы анықтама. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы техникасының жан-жақтан түсірілген бірнеше суреті қажет", - дейді мамандар. 

Өтінім мақұлданған жағдайда өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

Жаңалықтар
0