НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті.
"Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
Ол қазіргі уақытта әншінің жағдайы жақсарғанын айтты.
"Халық та өз денсаулығына барынша мұқият болсын деп, болған жағдайды айтып отырмыз", - деді Жүнісбай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"МузАРТ" тобының директоры Мейрамбек Бесбаев дәрігерлерге алғыс білдіргенін жеткізді.
АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.
Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.
Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.
Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев серуенінің суретін жариялады.
Фотода мемлекет басшысының итін көруге болады. Тағы біреуі артында тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суреттегі ит қазақы тазы тұқымынан болуы мүмкін.
"Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды", - деп жазды Уәли.
Таңертең президент сайтында ресми құттықтау жарияланған болатын. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген еді президент.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.