Қоғам

Алматы облысының тұрғыны көршісінің баласын ұрлап әкетіп, жертөледе зорлаған

© Photo : Anita S.Мальчик закрывает лицо, иллюстративное фото
Мальчик закрывает лицо, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты баланы зорлаған педофилге үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының тұрғыны көршісінің баласын ұрлап әкетіп, оны ұрып-соғып, жертөледе  зорлаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соттың ақпаратына сүйенсек, 2020 жылдың 7 наурызында ер адам мас күйде көрші баланы ұрлап әкеткен.

"Баланың қарсылығы мен айқайына қарамастан, аузын жауып, оны үйдің жертөлесіне апарып, ұрып-соққан. Бала есін жоғалтқан кезде оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлайды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Күдіктінің кінәсі куәгерлердің сөзі мен сараптамалардың нәтижесі арқылы дәлелденсе де, ол сотта өз айыбын мойындамаған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы мен зардап шеккен тараптың өкілдері ер адамды қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.

Іс материалдары мен айғақтарды зерделеген сот күдіктінің кінәсін жеңілдететін ешбір жәйт таппаған. Ал ер адамның қылмыс жасаған кезде мас болуын оның айыбын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сонымен, соттың шешімімен аса ауыр қылмыс жасаған Алматы облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0