Қоғам

COVID-19 он жылдан кейін қалай өзгеретіні белгілі болды

© AFP 2024 / DAMIEN MEYERШприц с вакциной от гриппа
Шприц с вакциной от гриппа  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжамға сәйкес, алдағы 10 жылда SARS-CoV-2 эндемиялық аурулар санатына қосылады. Олардың ойынша, жаппай вакцинацияның қажеті болмай қалу да мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. АҚШ ғалымдары COVID-19 он жылда қалай өзгеретінін зерделеп, аурудың даму динамикасына болжам жасады. Зерттеу нәтижесі EurekAlert журналында жарияланды.

Атланта қаласындағы Эмория университеті мен Пенсильвания университетінің ғалымдары HCoV тобына жататын төрт коронавирустың иммунологиялық және эпидемиологиялық дерегін жан-жақты талдап шыққан. Соның негізінде SARS-CoV-2 вирусының даму траекториясына болжам жасалды.

Зерттеу авторлары ауруды екінші рет жұқтыру, денсаулықтың әлсіреуі мен вирустың трансмиссивтілігі сияқты мәселелерге баса назар аударды. Болжамға сәйкес, алдағы 10 жылда SARS-CoV-2 эндемиялық аурулар санатына қосылады. 

"Адам оған алғаш рет 3-5 жаста шалдығады. Ал аурудың өзі жеңіл тұмау сияқты болады. Бала кезінде аурудың жеңіл формасымен ауырып шыққаннан кейін оған қарсы иммунитет өмір бойына сақталады. Егде жастағы адамдар ауырса да, жеңіл формасына шалдығады. Себебі бала кезіндегі антиденелер иммунитеттік қорғаныс береді", - дейді ғалымдар. 

Олардың ойынша, жаппай вакцинацияның қажеті болмай қалу да мүмкін. Себебі вакцина ауруға екінші рет шалдықпаудан қысқа уақытқа ғана қорғайды. Бірақ дәл қазір вакцинация қажет. Себебі вирусқа қарсы екпе індеттің ауыр формасын азайтады және иммунитет қалыптастырады. Дәл осы мәселелер COVID-19-дың эндемиялық аурулар санатына өту мерзімін анықтайды.

"Вакцинацияны біртіндеп алып тастауға болады. Бірақ белгілі бір топтар үшін оны қалдырған дұрыс шығар. Ол топқа егде жастағы адамдар кіре ме, жоқ, әлде тізімде балалар бола ма белгісіз. Мұны аурудың даму динамикасын талдау нәтижесінде ғана анықтауға болады", - деді ғалымдар.

 

Жаңалықтар
0