Қоғам

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

© Photo : КТЖЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал ішкі тасымал шектеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. 1 наурыздан бастап барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.

"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады", – делінген ресми хабарламада.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Олар мемлекет тарапынан судсидияланатын әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз.

Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар:

  • 21 бағдар бойынша өзге теміржол әкімшілігінің пойызы;
  • 20 бағдар жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
  • 9 бағытта "Тальго" вагондарынан тұратын коммерциялық пойыздар. Олар: №29/30 Алматы – Атырау, № 51/52 Алматы – Орал, №69/70 Алматы – Өскемен, №71/72 Алматы – Түркістан, №92/91 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Қызылорда, №95/96 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Орал, №702/701 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Алматы, №712/711 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Шымкент;
  • 10 бағытта кәсіпорындар мен ұйымдар тапсырысы бойынша жүретін пойыз.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда ұшақ пен пойыз жолаушыларынан ПТР анықтамасы талап етіледі

Айта кетейік, бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал ішкі тасымал шектеліп отыр.

Жаңалықтар
0