Қоғам

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой

© AFP 2024 / JOEL SAGETВакцина, иллюстративті фото
Вакцина, иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтика кешені мен Ресейлік тікелей инвестициялар қоры арасында "Спутник V" вакцинасының 20 мың доза алғашқы партиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылады.

"1 ақпанда халықтың кейбір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егуді бастау жоспарланып отыр. Вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асады", – деді Цой үкімет отырысында.

Вакцина кімдерге егіледі

Бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

Екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

Үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, студенттер, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

"Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу жоспарда бар", – деді Цой.

Оқи отырыңыз: Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

Бұған дейін денсаулық министрі Қазақстанда наурыз айының соңында коронавирус шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0