Гүлдер, архивтегі сурет

Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

2576
(Жаңартылды 17:08 19.01.2021)
19 қаңтарда "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында дүниеден өтті

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 19 қаңтарда "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақ рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында дүниеден өтті

Әлімғазы Райымбеков 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

Актер Алимгазы Райымбеков
Белгілі актер 1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақ рөлін сомдады

Совхозда көлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Содан кейін 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильміне шақырту алды.

1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақ рөлін сомдады. Осы кезден жұртшылыққа кеңінен таныла бастады.

Марқұмның жаназасы 20 қаңтарда Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

 

2576
Кілт сөздер:
тақиялы періште, Назарбаев, актер
Тақырып бойынша
Ғалым, чемпион, актер: 2020 жылы өмірден өткен арда азаматтар
Қазақтың Тайлағы дүниеден өтті
Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл: Халық әртісі туралы қызықты деректер
Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда және 9 облыста дабылды ескерту жарияланды

860
Дүйсенбіде Қазақстанның басым аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен елдің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 

8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

8 наурызда Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағандыда боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін.  

8 наурызда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ болады.

8 наурызда Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Атырауда 8 наурызда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты 

8 наурызда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

8 наурызда Ақтөбе облысында бұрқасындатып, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ақтөбеде солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 18 м/с.

8 наурызда күндіз Павлодар облысында жауын-шашын түседі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Павлодарда да жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.  

Дүйсенбіде Қостанай облысында бұрқасындатып, тұман түседі, түнде көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады – 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанайда 8 наурызға қараған түні жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

8 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Петропавлда түнде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 наурызға қараған түні Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

860
Кілт сөздер:
ауа райы, дабылды ескерту
Архивтегі фото

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

103
(Жаңартылды 17:07 07.03.2021)
Қаржы министрлігі тасымалдаушыларды және шекарадан өткісі келетіндерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті 2021 жылы 8 наурызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл шектеу Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты енгізілді", - деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.  

Атап айтқанда, 8 наурыз күні адамдар, көлік құралдары, тауарлар шекара арқылы өткізілмейді.

Оқи отырыңыз: Енді Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек болмайды

Ведомство тасымалдаушыларды және шекарадан өткісі келетіндердің барлығын енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.  

103
Кілт сөздер:
шекара, Қытай
Тақырып бойынша
Депутаттар қазақ-қытай шекарасындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
Қытаймен келіссөз жүргізу оңайға соқпай тұр – Мырзағалиев
Қытаймен шекарадағы проблема: Қазақстан шара қабылдауға мәжбүр болды
Мыңдаған жүк көлігі мен вагон Қытаймен шекарада тұрып қалды 
Кісен, архивтегі фото

Атырауда қарақшылық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды

0
Микрокредит ұйымының кассирі белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Атыраулық полицейлер микрокредит ұйымының кеңсесіне қарақшылық жасады күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.   

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында "102" операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан микрокредит ұйымының кассирі медициналық бетперде киген белгісіз біреудің 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео 

Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 25 жастағы жігітті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңға сәйкес жарияланбайды.

0
Тақырып бойынша
Қару кезенген қарақшыға тап берді: павлодарлық бойжеткеннің әрекеті видеоға түсіп қалды
Бішкекте қазақстандық әйелдерді асқан жауыздықпен өлтірген: қаскөйлер қалай ұсталды
Kaspi bank бөлімшесіне кімдер қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды – видео
Полиция астанада болған қарақшылық шабуылдың видеосын жариялады
Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді