АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да жинақталған зейнетақы активтерінің көлемі желтоқсанда 193 миллиардқа, 12,913 триллион теңгеге дейін өскенін жария етті.
"Бұған дейін БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 желтоқсанында 12,72 триллион теңгенің 2,5 триллион теңгесін алуға болатыны айтылды. Ал оны қордың 761,4 мың салымшысының арасында бөлу көзделген. Зейнетақы активтерінің өсуіне байланысты "артық" қаражат көлемі ұлғайды, алайда қаншалықты көбейгені белгісіз", – делінген ақпаратта.
Негізгі өсім міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналды. 2020 жылдың соңына қарай қазақстандықтар 122 миллиард теңге аударды. Өткен жылы міндетті зейнетақы жарналары 1,038 триллион теңгеден асты. Ерікті зейнетақы жарналары өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 538,7 миллион теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе көп.
БЖЗҚ активтері өсімі бойынша екінші орында инвестициялық табыс тұр.
Желтоқсанда есептелген кіріс көлемі 90,3 миллиард теңгені құрады, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша – 1,262 триллион теңге, оның ішінде 1,219 триллион теңгесі салымшылардың шоттарына қайта бөлінді. 2020 жылы БЖЗҚ төлемдері 193 миллиард теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз.
Оқи отырыңыз: БЖЗҚ жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша ақша төледі
Айта кетейік, бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.
Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.
"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.
Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.
Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.
Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.
Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес, бизнесмен Швейцарияда тұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.