Қоғам

Полицейді қаққан ақмолалық бес жылға сотталды

© Sputnik / Владислав ВодневЖүргізуші, иллюстративті фото
Жүргізуші, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлікті тоқтатуға тырысқан полиция қызметкерін қаққан сәтті жүргізуші ұялы телефонына түсіріп алған

АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Полиция қызметкерін қағып, көлікті тоқтатпаған Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны бас жылға бас бостандығынан айырылды. Есірткі күшімен көлік айдап, құқықбұзған ер адам Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәліксіз өзгенің көлігін айдаған

Оқиға 2020 жылдың 14 ақпанында болды. Патрульдік инспекторлар Екатеринбург–Алматы автожолының 917-ші шақырымында тұрған. Олар "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Жақсы кентінің жанында болған. Ол жерде полиция Chevrolet Aveo маркалы көлікті тоқтатқан. Көлікті аудан орталығының 24 жастағы тұрғыны тізгіндеген.

Кейіннен ер адамның мас күйінде көлік айдағаны үшін үш рет көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, хаттама толтырылды. Ол жүргізуші куәлігі болмаса да көлік айдаған. Ал көлік Аршалы ауылының 40 жастағы тұрғынға тиесілі екен.

"Ер адамның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанын, автомобильдің меншік иесі болмағанын және өзімен бірге көліктің тіркеу қағазы және заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ екенін ескере отырып, тәртіп сақшылары басқарудан шеттету туралы хаттама толтырды. Содан кейін полиция көлікті арнайы тұраққа уақытша қою актісін жасады", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы уақытта ер адам ғимараттан автокөлік кілтін алып шығып, рөлге отырды. Полицей көлікке қарай жүгіріп, жүргізуші есігін ашуға тырысты, бірақ аша алмады, есік ішінен құлыптаулы болды.

Тәртіп бұзушыны тоқтатуға тырысып, қызметкер көліктің алдында тұрды, ал тәртіп бұзушы оны қағып кетті.

"Полицей автокөліктің капотына қарай еңкейіп құлаған", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Мас әртіс әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды – оқиғаның мән-жайы

Сонымен қатар құқық бұзушы әдепсіз сөйлеген, сараптама оның марихуана шеккенін көрсетті.

Оқиғадан кейін полиция қызметкері ауруханаға жатудан бас тартты.

"Ең қызығы, құқық бұзушы осы оқиғаның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген. Ол тіпті ұстау кезінде де бәрін түсіріп жүрді", – делінген хабарламада.

Сот шешімімен 24 жастағы сотталушы қылмыстық кодекстің 380-бабы ("билік өкіліне қатысты күш қолдану") және 378-бабы ("билік өкілін қорлау") бойынша кінәлі деп танылды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0