Қоғам

Министрлік "вакцинадан көз жұмған" қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуМедициналық құралдар
Медициналық құралдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін көз жұмды деген ақпарат желіде вакциналау басталғанға дейін тараған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қазақстандық азаматтың коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Батыр аулының тұрғыны вакциналаудан кейін көз жұмды деген ақпарат таралды. 

© Photo : скриншот записи из FacebookМұнайлы ауданындағы Батыр аулының тұрғыны вакциналаудан кейін көз жұмды деген ақпараттың скрин-шоты
Министрлік вакцинадан көз жұмған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді - Sputnik Қазақстан
Мұнайлы ауданындағы Батыр аулының тұрғыны вакциналаудан кейін көз жұмды деген ақпараттың скрин-шоты

"1978 жылы туған ер адам осы жылдың 19 қаңтарында қан қысымының жоғарылауы салдарынан көз жұмды. Ол ешқандай екпе салдырмаған. Коронавирусқа қарсы вакцина Маңғыстау облысына жөнелтілген жоқ. Бұл өңірге аталған вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланып отыр", – деді Sputnik Қазақстанға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, ең алдымен инфекциялық ауруханаларда, жедел медициналық көмек қызметінде, жан сақтау, қабылдау бөлімінде, санэпидқызметте жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне вакцина салынады.

"Қаза болған азамат бұл санаттардың ешқайсысына жатпайды", – деп атады Ержан Байтанаев.

Ол жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекспен жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттеле ме – министр жауабы

Жаңалықтар
0