Қоғам

Қорғаныс министрлігі кімдерге SMS-хабарлама жібереді

© Минобороны КазахстанаПризывники
Призывники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери ведомство әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама арқылы уақытылы хабардар ету мүмкіндігін қарастырып жатыр  

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Пандемия әскерге шақыруды қадағалайтын әскери қызметшілерге жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі 2020 жылғы әскери қызметке шақыру науқанының қорытындысын шығарып, алдағы әскерге шақыру кезеңіне арналған міндеттерді белгіледі.

COVID-19 пандемиясы шақыру науқанының барысына айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, 2020 жылы 34 мыңға жуық азамат әскери қызметке шақырылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жалпы өткен жылы шиеленіскен қиындықтар кезінде әскерлерді шақыру мен жасақтауға байланысты барлық мәселені шештік. Ең бастысы, біз болашақта тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белгілі бір тәжірибе алып, машықтандық",- деді Мұрат Бектанов кеңейтілген отырыс барысында.

Сондай-ақ, әскерге шақыру науқаны кезінде әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар ету мәселесі толық шешілген жоқ. Осыған байланысты "электронды үкіметтің" деректер базасымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл әскерге шақырылушыларды белгілеуді жеңілдетеді және оларды SMS-хабарлама арқылы уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қорғаныс министрлігінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының ақпараты бойынша, медициналық куәландыру сапасы жақсарды. Мәселен, 2019 жылы әскери қызметке қатысты емес 22 сырқат түрі анықталған. Өткен жылы расталғаны екеу.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа қызмет іске қосылды 

Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған, сондықтан алғашқы медициналық куәландырудан кейін одан әрі емдеу мақсатында оларға қажетті медициналық қызметтер әрдайым қолжетімді бола бермейді. Бұл үшін әскери-дәрігерлік комиссия (ӘДК) мамандарының денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Мұрат Бектанов сондай-ақ Қазақстан әскерінің беделін көтеруге және әскери қызметке деген ынтаны арттыруға ықпал ететін әскерге шақыруға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Жаңалықтар
0