Қоғам

Министрлік қоғамдық орындарда іске қосылатын жаңа жоба туралы айтты

© Photo : МВД РКМониторды бақылап отырған полицей
Мониторды бақылап отырған полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми өкілдің айтуынша, арнайы трекерді баланың киіміне, я болмаса, мектеп сөмкесіне орнату арқылы оның қай жерде жүргенін көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көшеде және қоғамдық орындарда "SOS батырмасы" деген шұғыл шақыру құрылғылары орнатылады. Оны басып, полицияға тәртіп бұзушылық туралы хабарлауға немесе көмекке шақыруға мүмкіндік болады", – деді Ораз онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде 102 мобильді қосымшасы енгізу шаралары атқарылып жатыр. Онымен де тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлауға болады.

"Арызды телефон байланысымен ғана емес, месенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы да жіберуге болады", – деп атап көрсетті Ораз.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте министрліктің ресми өкілі балалардың қауіпсіздігіне арналған "Мені тап" атты пилоттық жоба жайында айтқан.

Жаңа жүйе мобильді қосымша ретінде смартфонға орнатылады. Ал арнайы трекер баланың киіміне, я болмаса, мектеп сөмкесіне орнатылады. Ұялы телефон сөніп қалған жағдайда немесе байланыс істемегенде мобильді қосымшаны іске қосып, Bluetooth желісі арқылы маяк-трекерді анықтауға мүмкіндік бар. Осылайша, баланың қай жерде жүргенін көруге болады.

Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігінен толыққанды бас тартуға бола ма - ІІМ жауап берді

Бұл жүйе шұғыл басқару орталығына да қосылады. Сонда ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі.

Жаңалықтар
0