Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар көбейді

© Sputnik / Владислав ВодневМодульді инфекциялық аурухана
Модульді инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 қаңтардағы жағдай бойынша республикада коронавирус пен пневмониядан 27 мыңнан астам адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады.

Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды.

1266 адам вирус жұқтырса, 8 қазақстандықта пневмония диагнозы расталды.

Министрліктің мәліметінше, 26 қаңтардағы жағдай бойынша, 27 134 адам короновирус инфекциясынан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастардың арасында 285 адамның жағдайы ауыр, 43 пациент хәл үстінде жатыр, 41 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Жалпы пандемия басталғалы 179 720 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде 2 495 науқас көз жұмды.

Ал бірінші тамыздан бері 47 445 адам пневмонияға шалдықты, 558-і қайтыс болды.

Жаңалықтар
0