Қоғам

Тоқаев өзінің қандай тапсырмасы әлі күнге дейін орындалмағанын айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кірістер комитеті мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры президенттің тапсырмасын әлі күнге дейін орындамаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қағаз жүзінде жұмыспен қамту белең алып кеткеніне алаңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент жұмыспен қамтудың жол картасына 1 триллион теңге бөлінгенін еске салды. Айтуынша, қаржының 98,2%-і игерілген.

"Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Бірыңғай ақпараттық жүйеге бір адам туралы мәлімет қайта-қайта енгізіледі", деді Тоқаев бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол дәл осындай 15 мың жағдай тіркелгенін айтты. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталды.

"Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40%-ке жуығы "көлеңкеде" қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім. Алайда мемлекеттік кірістер комитеті мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл тапсырманы әлі орындаған жоқ", деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралардың тағы бір кемшілігі – бюджетке түсетін салықтың аздығы.

"Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз! Мемлекеттік кіріске жауапты органдар мәселені қатаң бақылауға алуы керек. Қажет болса, құқық қорғау органдарын да осы жұмысқа тартамыз", деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0