Қоғам

Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады

© REUTERS / YVES HERMANСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол үкіметке әкімдермен бірлесіп толыққанды дайындық жүргізуді және 1 ақпаннан жаппай вакцинациялауды бастауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Отандық вакцинаның сынағы оң қорытынды береді деп үміттенеміз. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцина салдырамын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент дағдарысты еңсерудің ең пәрменді әрі жүйелі шарасы жаппай вакцинациялау екенін атап өтті. 

"Кейбір арандатушылар айтып жүргендей, күштеп вакцина егу деген болмайды. Бірақ адамдар вакцинацияның қиын жағдайдан шығудың жолы екенін түсінуі керек", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев екпе егу науқанын сапалы жүргізу қажет екенін айтты. 

Ол үкіметке әкімдермен бірлесіп толыққанды дайындық жүргізуді және 1 ақпаннан жаппай вакцинациялауды бастауды тапсырды.

Жаңалықтар
0