Қоғам

Иммунолог ковидпен ауырғандардың қауіпті қателігі жайлы айтты

© AFP 2024 / Anthony Wallace Үй жағдайында спортпен шұғылдану
Үй жағдайында спортпен шұғылдану - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавируспен ауырғандарда дене жаттығуының шамадан тыс жүктемесі аурудың ауыр салдарын туғызуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. COVID-19 ауруынан қалпына келгеннен кейін де денені қарқынды жаттығулармен шамадан тыс жүктеуге болмайды. Жоғары физикалық жүктеме кезінде денеде энергия қоры жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл аурудың қайталануына немесе асқынуына алып келуі ықтимал.

Иммунолог дәрігер Илья Кукин осындай пікір білдірді, деп жазады "Вечерняя Москва" басылымы.

Дәрігердің айтуынша, коронавируспен ауырып, айығып шыққан спортсүйер адамдардың басты қателігі – олар жазылғаннан кейін ауырғанға дейінгі көрсеткіштерге қайта қол жеткізуге тырысуы.

"Бұл аса қауіпті. Оған жол бермеу керек. Вирус жұқтырғаннан кейін сіздің ағзаңыз әлі де әлсіз болады. Ол мұндай жүктемелерге дайын емес. Бұл өрескел қателіктердің бірі", – дейді Кукин.

Ол ағзадағы жіті респираторлы инфекциялық ауру белгілері кеткенімен, бұл адамның толық қалпына келгенін білдірмейтінін айтады. Ал қабыну процесі кезінде тіндер ісінуі мүмкін. Ондай кезде мұрынмен тыныстау қиын болады.

Оның айтуынша, спорт залда немесе үй жағдайында толыққанды жаттығуға оралмас бұрын ағзаны мұндай сынақтарға алдын ала дайындаған жөн.

"Бастапқы уақытта жасушалар, соның ішінде, бұлшық ет жасушалары бұзылған ағзадағы биохимиялық процестердің салдарынан төзімді болмайды. Сондықтан, ағзаға қажетті энергия аздық етеді. Ағзаның байырғы қалпына келуі үшін уақыт керек және оны біртіндеп қайта дағдыландырған жөн", – деп атап өтті Кукин.

ОҚи отырыңыз: "Тыйым салу керек": қазақстандық дәрігер денсаулық министрлігіне үндеу жасады

Маман пікірінше, адам толық қалыпқа келіп, спорттық жүктемелерді орындауына және ауру қайта асқынбас үшін шамамен бір айдай уақыт қажет.

Жаңалықтар
0