Қоғам

Қытайда пандемияға қатысты жасырын ақпарат белгілі болды

© AFP 2024 / Hector RetamalЗаблокированный выезд из Уханя, Китай
Заблокированный выезд из Уханя, Китай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.

Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.

"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.

Дегенмен, танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасау әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді.

"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.

Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.

Жаңалықтар
0