Қоғам

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский общаются с водителем автомобиля у блокпоста
Врач и полицейский общаются с водителем автомобиля у блокпоста  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы бұған дейін де коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтың шекарасында тұрды. Қазір де солай, қазір "сары" мен "қызыл" аймақтың арасында бір қадам жерде тұр. "Қызыл" аймақта тұруымыз ұзаққа созылмайды деп ойлаймын", - деді Бекшин.

Сонымен қатар брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Бұл жұмыс аяқталып қалды. Брифингтен кейін нақтылап, ертең жаңадан қандай шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алаңдатушылық тудырып отырғанын айтты.

"Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0