Қоғам

Білім министрлігі оқушылардың оқуына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевҚашықтан оқу
Қашықтан оқу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік қосымша білім алу әр баланың құқығы екенін және оны тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде, тіпті қашықтан алуға болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның білім министрлігі шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салынатыны туралы ақпарат жалған екенін хабарлады.

"Шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қосымша білім алу – әр баланың құқығы. Қосымша білімді балалар тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде, тіпті қашықтан ала алады", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім алуы керек және ол мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

"Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстанда өмір сүретін бала еліміздегі білім ордаларында, яғни жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар, лицейлер немесе халықаралық мектептерде оқиды. Қосымша білім ретінде шетелдік мектептерде қашықтан білім алуға болады. Егер балалар ата-анасымен бірге шет мемлекеттерге уақытша қоныс аударса, онда балалардың шетелде білім алуына ешқандай шектеу жоқ", - деп нақтылады білім министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Оралда оқушылар қыздар дәретханасындағы бейнекамераға шағымданды

Ведомство балалар ғана емес, ересектер де түрлі қосымша курстарда, оның ішінде онлайн курстарда оқи алатынын атап өтті.

Айта кетсек, бейресми білім беру жүйесін дамыту аясында кейбір жоғары оқу орындары өзінің ішкі академиялық саясатына сәйкес "Coursera"  және тағы басқа онлайн білім беру алаңдарының көрсеткіштерін ескеріп жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық оқушыларға шетелдік оқу мекемелерінде онлайн оқуға тыйым салынғаны хабарланған еді.

Жаңалықтар
0