Қоғам

Сенат депутаты онлайн оқыту проблемасын көтерді

© Sputnik / Абзал КалиевНоутбук алдында отырған балалар
Ноутбук алдында отырған балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенатордың пікірінше, интернет-платформалар жұмысының үйлеспеуі және қызметтердің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаты Ольга Перепечина оқушыларды қашықтан оқыту кезінде бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде қашықтан білім алатын оқушылар әр түрлі оқу алаңдарын пайдалануға мәжбүр. Өйткені елде бірыңғай білім беру онлайн-платформасы әлі жасалмаған.

Депутат "Күнделік" жүйесі білім және ғылым министрлігінің жалғыз серіктесі екенін және жүйе жеке инвестор есебінен толық қаржыландырылатынын атап өтті. Алайда, кейбір білім беру интернет-платформалары "Күнделіктің" ақысыз функцияларын көшіріп, дәл сол қызметтерді ақылы ұсынып отыр. Ал ақшаны мемлекеттік бюджеттен алады.

"Мұғалімдер мен ата-аналар бірнеше жүйеде жұмысты мәжбүрлі түрде бірдей жүргізуге байланысты жүктеменің артқанына наразы. Осының салдарынан оқушылардың оқу үлгерімін нақты бақылау орны да белгісіз", – деді Перепечина.

Сенатордың пікірінше, интернет-платформалар жұмысының үйлеспеуі және қызметтердің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов қашықтан оқуды онлайн білім алумен шатастырмауды сұрады

Жаңалықтар
0