Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев

"Халық көріп отыр": Шпекбаев кімдер автоматты түрде жұмыстан шығарылатынын айтты

5862
(Жаңартылды 11:08 29.01.2021)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз ішінде жаңа бастаманы қолға алды. Егер қызметкер жемқорлық жасаса, оның тікелей басшысы автоматты түрде қызметінен босатылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзі басқарып отырған ведомствода бірінші басшының жауапкершілігі барынша күшейтілетінін мәлімдеді. Қол астындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін ұсталса, ондай басшы бірден жұмыстан кетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі заңнамада қол астындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшының жауапкершілігі заңмен бекітілген. Алайда осы уақытқа дейін 6 саяси қызметкер ғана отставкаға кетті.

"Парасыз ешнәрсе шешілмейді": Қазақстанда жемқорлық деңгейі жоғары өңірлер анықталды

Агенттік төрағасының айтуынша, отставкаға арыз беру және жұмыстан кету екі бөлек нәрсе болып шыққан. Басшылардың барлығы бірдей қол астындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеттері үшін жұмыстан кетіп жатқан жоқ. Содан халық арасында наразылық күшейеді.  

"Ал кейбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көбейіп кетті. Бірақ бірде-бір басшы өз еркімен жұмыстан кеткен жоқ. Ескерту жасалып, сөгіс беріледі. Бірақ нәтиже жоқ. Оны халық та көріп отыр", - деді Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.

Оның ойынша, заңнан бөлек моральдық қағидаларды да ұстану қажет. Осыған байланысты агенттік өз ішінде жаңа әрі маңызды бастаманы қолға алды.

"Біз ортақ бір шешімге келдік. Егер агенттік қызметкері бір рет жемқорлық жасаса, оның тікелей басшысы автоматты түрде қызметінен босатылады", - деп атап өтті Шпекбаев.

Алайда басшы өз бастамасымен сол жемқорлық әрекетін анықтап, алдын алу шарасын қолға алса, онда ол жұмыстан қуылмайды.

5862
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, Шпекбаев
Тақырып бойынша
Елордада 2020 жылы 7,4 миллиард теңге қазынаға қайтарылды
Ақтөбе облысында ауыл әкімі бес жылға сотталды
Экс-ректор сотталып, директорлар ұсталды: 2020 жылы білім саласында болған дау-дамайлар
Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

519
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

519
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды
Алматы қаласы

Өткен тәулікте екі мыңнан астам қазақстандықтың індет жұқтырғаны расталды

48
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 142 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 324,
  • Алматы қаласы - 570,
  • Шымкент қаласы - 45,
  • Ақмола облысы - 130,
  • Ақтөбе облысы - 68,
  • Алматы облысы - 185,
  • Атырау облысы - 62,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 87,
  • Жамбыл облысы - 51,
  • Батыс Қазақстан облысы - 102,
  • Қарағанды облысы - 251,
  • Қостанай облысы - 25,
  • Қызылорда облысы - 22,
  • Маңғыстау облысы - 55,
  • Павлодар облысы - 125,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11,
  • Түркістан облысы - 29.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 344 731.

48
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Ғалымдар тәтті сусындардың адам денсаулығына зиянын анықтады