АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Алматыда карантиндік шаралар күшейтілмейтін болды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Айтуынша, бұған қаланың коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енуі себеп болды.
Осылайша, қалада 2021 жылдың 28 қаңтарына дейін қолданыста болған шектеу шаралары өзгеріссіз қалады.
"Қаланың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына карантиндік шараларды жеңілдетуге қатысты түзетулер енгізіледі", - деді Байғабылов.
Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті толық ақпаратты қосымша хабарлайтынын айтты.
Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин күшейтілетінін хабарлады. Қала ол кезде Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта болды. Ал 28 қаңтарда тиісті қауылға қол қойды. Ол бірінші ақпаннан бастап күшіне енуі тиіс еді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп хабарлады оның әріптесі Нәзира Дәрімбет.
Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.
Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.
Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.
Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.
28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.
"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.
Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады
Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды.
Американың кейбір штаттарында ауа температурасы минус 20-30°C-ге дейін, кей жерлерде тіпті минус 40°C-ге дейін төмендеді.
Оқи отырыңыз: Өзбекстанда сарқырама қатып қалды
Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылуда.
Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.
Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған болатын. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.
Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр
Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.