Қоғам

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

© Photo : Dimashnews.comДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Композицияда киберпанк стиліндегі сурет пен арнайы эффектілер және сюжеттік желі бойынша жаңа форматта жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің "Golden" сингліне түсірген бейнероликтің ресми премьерасы TIXR стримингтік платформасында алғашқы онлайн-концертінен кейцін көрермен назарына ұсынылды.

Әншінің бұл видеосы YouTube-тегі ресми каналында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Композицияда киберпанк стиліндегі сурет пен арнайы эффектілер және сюжеттік желі бойынша жаңа форматта жасалған.

Ал клип сюжеті бойынша, белгісіз екі адам ірі ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасайды. Көптеген азаматтардың шағымына қарағанда, бұл ұйымның беделі өте күмәнді. Солай десек те, алаяқтардың құрбанына айналған қалалық тұрғындардың карталарына белгісіз шоттан ақша түсе бастайды. Бәлкім, қарақшылық пен әділеттілікті қалпына келтірудің артында дәл сол адамдар тұрған шығар деп тұжырым жасауға болады.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео

Айта кетейік, "Golden" композициясын Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және басқа да музыкалық платформаларда тыңдауға және сатып алуға болады.

Жаңалықтар
0