Қоғам

Алматы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы қаласындағы аурухана қызметкері
Алматы қаласындағы аурухана қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
28 қаңтарда қол қойылған қаулыға сәйкес, карантин талаптары күшейтілуі тиіс еді. Бірақ қаланың "жасыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары қатаңдатылмайтын болды

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, коронавирус инфекциясы бар науқастарды ауруханаға жатқызу талаптарына өзгеріс енгізілді.

"Коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Ал ауру белгілері жоқ науқастар үй карантинін сақтауға жағдай болмаған кезде ауруханаға жатқызылады", – делінген қаулыда.

28 қаңтарда қабылданған қаулыда коронавирус жұқтырған барлық науқастың ауруханаға жатқызылатыны айтылған еді.

Сонымен қатар сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері сағат 10.00-23.00 арасында жұмыс істейді, жексенбі жабық болады.

Жеке тұрған және ірі сауда нысандарында орналасқан азық-түлік супермаркеттері, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді.

Ашық жердегі азық-түлік базарлары мен басқа да базарлар демалыс күндері жұмыс істейді да, ал жабық базарлар жексенбі қызметін тоқтатады. Ал басқа күндері әр келушіге 4 шаршы метр талабы сақталуы тиіс.

Қоғамдық тамақтану орындары мен сауда ойын-сауық орталығында орналасқан тамақтану нысандары сағат 07.00-23.00 аралығында жұмыс істейді. Шоттар бойынша төлемді 22.00-де жабу қажет.

Ал фудкорт аймағы жабылады. Алайда фудкорт қызметінің жеткізу қызметіне рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Сондай-ақ, діни нысандар ашық болады, алайда ұжымдық іс-шара өткізуге тыйым салынған.

Монша уақытына да шектеу қойылмаған. СПА-орталықтар, сауна, бассейн сағат 06.00-21.00 аралығында жұмыс істейді, жексенбі жабық болады.

Мәдениет нысандары, театр мен кинотеатрлар 20%-ін толтырып жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0