Қоғам

Ақпанда бірнеше рет күн жылынады: синоптиктер бір айға болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевСиница на заиндевелых веточках березы
Синица на заиндевелых веточках березы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде қаңтарға қарағанда тұман және көктайғақ жиі болады деп болжады

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда ақпанда күн ұзарып, елдің басым бөлігінде ауа райы жылынады, деп хабарлады Қазгидромет.

Климаттық мәліметтерге сәйкес, ақпанда күндізгі уақыттың ұзақтығы орташа есеппен 2-3 сағатқа ұзарады. Оңтүстік өңірлерде орташа температура 0° градустан жоғарылайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде қаңтарға қарағанда тұман және көктайғақ жиі болады.

Жауын-шашын өткен аймен салыстырғанда азаяды, тек таулы аудандарда артады.

Консультативтік болжамға сәйкес, елдің оңтүстігінде жаңбыр, ал солтүстікте қар мен қар аралас жаңбыр жауады.

Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бірінші онкүндіктің ортасына қарай республика бойынша ауа температурасы жоғарылайды.

Батыста түнде -5...+3°С, күндіз -2...+10°С жылы болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде 0...-10°С дейін, күндіз -5...+3°С болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3...+5°С дейін, күндіз + 8...+15°С дейін жылынады.

Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -15...-25°С дейін, күндіз -10...-16°С дейін төмендейді.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында түнде -10...-18°С, күндіз -5...-12°С болады. Оңтүстік өңірлерде түнде -7...-15°С, күндіз -5...+5°С болады.

Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасы қайтадан көтеріледі. Солтүстікте күндіз 0...-7°С, оңтүстік жартысында +5...+10°С болады, қиыр оңтүстікте +15°С.

Алайда арасында ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі мүмкін.  Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -20...-30°С, күндіз -10...-18°С болады.

Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде түнде -10...-18°С, күндіз -7...-12°С суық болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік жартысында түнде -7...-12°С, кей жерлерде -15...-20°С, күндіз -2...-13°С-қа дейін төмендейді.

Жаңалықтар
0