Қоғам

"Ұят деп санаймын": мәжілісте қазақша сөйлемеген министр депутаттан сөз естіді

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Мәжіліс сайлауынан кейін үкіметтің құрамы жаңарған болатын. Ұлттық экономика министрі қызметіне Әсет Ерғалиев келді

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысына министр ретінде алғаш рет қатысқан Әсет Ерғалиев депутаттан сөз естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика министрі жергілікті биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге арналған өзгерістерді таныстырған. Ал сұрақ-жауап кезінде мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға алдымен бір-екі сөйлеммен қазақ тілінде жауап беріп, артынан ресми тілге көшті. Осыдан кейін депутат Берік Дүйсенбинов ең жас министрге ескерту жасады.

"Сіз бүгін алғаш рет 30 жылдық тәуелсіздігі бар тәуелсіз мемлекеттің мәжілісіне келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамай, сырғып орыс тіліне қарай ауысып кеттіңіз. Сіз жасыңызға қарамай, 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа өз тіліңізде жауап беріңіз", - деді Дүйсенбинов.

Мәжіліс спикері де депутаттың сөзін құптады. "Айтқан сөзіңіз орынды", - деді Нығматулин.

Айта кетейік, мәжіліс сайлауынан кейін үкіметтің құрамы жаңарды. Ұлттық экономика министрі қызметіне Әсет Ерғалиев келді. Ол - үкімет мүшелерінің арасындағы ең жас министр. Жасы – 34-те.

Жаңалықтар
0