Қоғам

Алматы облысында әкім ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Серікжан Ерекешев аудан әкімі қызметіне 2020 жылдың тамызында тағайындалған болатын

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

"Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген агенттік ақпаратында.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев, аудан әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығы пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Олар орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Серікжан Ерекешев аудан әкімі қызметіне бұрынғы әкім қайтыс болған соң 2020 жылдың тамызында тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0