Қоғам

"Спутник V" вакцинасынан кейін иммунитет екі жыл сақталады – Қиясов

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Вакцина коронавирустың жаңа "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарына да тойтарыс бере алады, деді бас мемлекеттік санитар дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. "Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты 

1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіле бастады.

"Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады. Бұған қоса, "Спутник" вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарына да тойтарыс бере алады", - деді Қиясов онлайн брифингте.

Ол вакциналау кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті.

Ең алдымен, медицина қызметкерлері, кейін педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері егіледі.

Жаңалықтар
0