Клавиатура

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында үш өрескел қате жіберілген ғалым

255
"Тіл-Қазына" ұлттық орталығына латын графикасына қатысты 34 жоба түскен. Соның тең жартысы әліпбидің қазіргі нұсқасына ұқсайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Жақында үкімет латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасын жариялады. Бұған дейін жаңа қазақ әліпбиі президентке де таныстырылған. Бірақ мемлекет басшысы оны әлі бекіткен жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі соңғы нұсқаның ерекшелігі мен кемшін тұстарын зерделеп көрді.

Жаңа жобаның ерекшелігі неде?

Сонымен, латын графикасына көшеміз дегеннен бері әліпбидің үш бірдей нұсқасы әзірленді. Бас кезінде апострофтар ұнамай қалса, одан кейін акут пен диграфтан қаштық. Ал соңғы нұсқада умлаут, бревис, седиль мен макрон сияқты төрт бірдей диакритикалық белгі бар. Бұдан бөлек, кирилл әліпбиінен келген кейбір әріптерді алып тастады.  

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ербол Тілешовтың айтуынша, алдындағы апостроф әліпбиі де, акут әліпбиі де қазақ тілінің табиғатын бере алмады. Сол себепті оны жетілдіру шаралары жалғасты. Комиссия мүшелері "бір дыбыс – бір таңба" қағидатына баса мән берді. 

"Сөйтіп, қазақтың барлық дыбысына, соның ішінде басқа тілдерде кездеспейтін "ә", "ө", "ұ" мен "ү" сияқты дыбыстарға таңбаны ерекшелеп бердік. Енді әр әріптің мәні, әр әріптің ғылыми негізі бар әліпби болып шықты", - дейді Тілешов.

Ғалымның сөзіне қарағанда, "Тіл-Қазына" ұлттық орталығына латын графикасына қатысты 34 жоба түскен. Соның тең жартысы әліпбидің қазіргі нұсқасына ұқсайды. Авторлар умлаут, бревис, седиль мен макрон сияқты диакритикалық белгілерді қолданған.

 Диакритикалық белгілер қайдан келді?

Соңғы жобада қазақтың ә, ө, ү дыбыстарын умлаутпен (ä, ö, ü) берген. Осы диакритикалық белгі таңбаның жіңішке дауысты дыбыс екенін көрсетеді. Оны неміс, фин және швед тілдерінде кеңінен қолданады. Мысалы, ädıs (әдіс), dän (дән), mädenіet (мәдениет), käsıp (кәзір); örıs (өріс), ömırşeŋ (өміршең), ükımet (үкімет), jüіe (жүйе).

Ал партугал, түрік пен әзірбайжан тілдерінде седиль сияқты диакритикалық белгі бар. Қазақтың жаңа әліпбиінде оны "ш" (ş) дыбысын көрсету үшін қолданған. Мәселен, şaŋyraq (шаңырақ), bürşık (бүршік), qylyş (қылыш), qоіşy (қойшы), oşaq (ошақ), şara (шара). Бұдан бөлек, ғалымдар жарты айға ұқсайтын бревис белгісін де енгізді. Оны да бір дыбысты көрсету үшін алған. Ол - "ғ" (ğ). Осылайша, ğaryş (ғарыш), samğau (самғау), tabiğat (табиғат), bağdar (бағдар), qağaz (қағаз), sağat (сағат) сияқты сөздер жазылады.

Оқи отырыңыз: Латын әліпбиінің жаңа жобасы таныстырылды – ұлттық комиссия отырысы өтті

Тағы бір дыбыс үшін макронды қолданған. Ол таңбаның үстіне қойылатын кішкентай сызықшаға ұқсайды. Сөйтіп, "ұ"-ны "ū" деп көрсеткен. Мысалы, ūtymdy (ұтымды), ūstaz (ұстаз), qūjat (құжат), maglūmat (мағлұмат), qūl (құл). Сосын "ң"-ді пілдің тұмсығына ұқсайтын таңбамен беруге шешім қабылданды. Себебі апробация кезінде көбісі соны таңдаған. Ал "ч" дыбысын мүлдем алып тастаған. Өйткені ол қазақтың төл әрпі емес. Ондай сөздер де аз.

Бұдан бөлек, соңғы нұсқада с, x пен w таңбалары жоқ. Бірақ шетелдік сөздерді жазғанда қолдануға болады. Мысалы, Xerox, Windows, Coca-Cola және тағы басқасы. 

Соңғы жобаның кемшілігі бар ма?

Ғалым Ерден Қажыбектің ойынша, соңғы нұсқа 95 процентке дұрыс. Бірақ қалған 5 процентін жылы жаба салуға болмайды.

"Біріншіден, күні бүгінге дейін болғандай, қазақ-орыс немесе орыс-қазақ әліпбиін емес, қазақ тілінің әліпбиін жасауымыз керек. Мұны айтып отырған себебім – жаңа әліпби мен емле тағы да кирилл нұсқасының таңбасы өзгерген көшірмесі болып отыр. Бұл Елбасы бастап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іске асырып отырған тілдік реформамыздың негізгі мақсатына қарама-қайшы келеді", - деп жазды Қажыбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазақ әліпбиінде төл 9 дауысты және 19 дауыссыз дыбысымыздың бәрі жеке таңбалармен белгіленуі керек. Ал соңғы нұсқада латынның "İ, i" әрпімен қазақ тілінің төл дауыссыз "й" дыбысы, әрі орыс тілінің төл дауысты "и" дыбысы таңбаланған.

"Бұл жерде үш өрескел қате жіберілген. Біріншіден, "бір таңба – бір дыбыс" принципі бұзылған. Екіншіден, бір әріппен әрі дауысты, әрі дауыссыз дыбысты таңбалауға болмайды", - дейді ғалым.

Ал кез келген тілде кірме дыбыстар сол тілдің ерекшелігіне икемделіп алынады.

"Бүгінгі ұсынылып отырған әліпби және емле жобасында ескі кирилше жазу принциптері ешқандай ғылыми негізсіз қайталанған. Қазақ тілі дыбыстарының толық құрамын қамтыған және қазақ тілінің табиғатына сай жасалған әліпби негізінде ғана қалың көпшіліктің көңілінен шығатын емле ережелерін дайындауға болады", - деп атап өтті профессор.

Жаңа қазақ әліпбиі әлі бекітілген жоқ  

Ғалым Ербол Тілешовтың айтуынша, соңғы жобаға енген 31 таңбаның барлығы Юникод жүйесінде бар. Демек, ондай әліпбимен кез келген құрылғыда жұмыс істеуге болады. Барлық шрифт табылады. Ұлттық банк пен цифрлық даму министрлігі де оң шешімін берді. 

"Жобаны үкімет бекіткен жоқ. Оны тек Қазақстан Республикасының президенті ғана бекітеді. Бұл – мақұлданған жоба. Президенттің өзі көрген. Бірнеше жобаның ішінен осы дұрыс деп мақұлдаған. Бірақ әлі бекіткен жоқ", - дейді Тілешов.

Оның айтуынша, жаңа қазақ әліпбиі бекітілгеннен кейін қосымша ережелер әзірленеді. Онда адам есімі мен географиялық атауларды жазу тәртібі көрсетіледі.

"Сосын әркімнің телефонында ереже де, алфавит те тұрады. Әліпби бекітілгеннен кейін оны керек кезде мобильді операторлар арқылы жүктеп аласыз да, емін-еркін тере бересіз", - деді Тілешов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Осылайша, жаңа қазақ әліпбиі ұлттық комиссияның талқылауынан өтті. Енді қоғам талқысынан өткеннен кейін президентке жолдануы мүмкін.

255
Кілт сөздер:
ғалым, латын графикасы
Тақырып бойынша
"Әліппеде" кириллица қарпі қолданылады
Қазақстанда алғаш рет латын әліпбиіндегі жалпыхалықтық диктант өтті
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін латын әліпбиінің 10 нұсқасы қаралды
Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма - министрліктің жауабы
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
FlyArystan

Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

7
Елорда әуежайының баспасөз қызметі әуе кемесінің ауыстырылатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Сәрсенбі күндіз Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ техникалық себептерге байланысты елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"КС7056 рейсі Нұр-Сұлтан әуежайынан 14:34-те ұшып шықты. Біраз уақыттан соң әуе кемесі техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды", - деді Sputnik Қазақстанға елордалық әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.

Әуежайдың ақпаратынша, әуе кемесі ауыстырылады. Рейстің ұшуы сағат 23:40-қа дейін шегерілді.

КС7056 рейсін FlyArystan әуе компаниясы орындаған.

7
Кілт сөздер:
ұшақ, әуежай, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Атақты актер мен оның әйелі ұшақ апатынан қаза тапты
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Ресей әуежайында екі ұшақ соқтығысты – фото
Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
Архивтегі фото

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын 3 сусынды атады

945
(Жаңартылды 17:06 16.06.2021)
Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына себеп болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ғалымдар ройбуш, түймедақ және көк шай ең пайдалы сусындар деген қорытындыға келді.

TVzvezda порталының хабарлауынша, мұндай сусындардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мол, оның ішінде өмірді ұзартуға және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға себеп болады.

Ройбуш

Ройбуш антиоксиданттарға бай. Ол жүрек жұмысын жақсартып, қатерлі ісік, қант диабетінің пайда болуынан қорғайды, қабынумен күресіп, сүйектерді нығайтады және қартаю процесін бәсеңдету арқылы адам денсаулығына оң әсер етеді.  

Түймедақ шайы

Бактерияға қарсы тұратын түймедақ шайы адамды тыныштандырып, демалдырады, бұл адам өмірінің ұзаруына әсер етеді.

Техас университетінің зерттеуіне 60 жастан асқан 1677 ер мен әйел қатысты. Олардың арасында өлім-жітім сусынды ішпегендермен салыстырғанда үштен бірге азайған.

Көк шай

Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына әкеледі. Атап айтқанда, көк шай ішу холестерин деңгейін және қан қысымын төмендететіні анықталды. Сондай-ақ, бұл сусын ағзаның иммундық жүйесіне қолдау жасайды, оның ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.

945
Тақырып бойынша
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады
Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты
Қазақстандық дәрігер рактың алғашқы белгілерін атады – неге мән берген жөн