Коронавирусқа қарсы екпе салу

Мұсылмандарға вакцина салдыруға бола ма мүфтият жауабы

3863
(Жаңартылды 18:51 04.02.2021)
Діни басқарма шариғат зәру жағдайда екпе салуға тыйым салмайтынын, бірақ, вакцина егу әркімнің өз еркі екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады.

"Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар" деп бұйырған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты" деген", - делінген мәлімдемеде.

Мүфтият кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екенін айтты.

"Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирустың алдын алу үшін вакцинациялау адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі", - деп атап өтті діни басқарма.

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцина халал ма деген сұраққа жауап берді.

Айтуынша, қазір көптеген ислам елінде вакциналау жүріп жатыр. Вакцина күрделі жағдайда жасалып жатыр, сол себепті оған сұраныс пен қажеттілік те жоғары. Сол себепті қазіргі уақытта вакцинаның халал, не халал еместігі қаралып жатқан жоқ.

Тағы оқыңыз: Таразда вакцина салдырмасаңдар, басқа жұмыс іздеңдер деген басшының басы бәлеге қалды

1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу науқаны басталды.

Вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

Ресейде өндірілген Спутник V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аймаққа таратылды.

3863
Кілт сөздер:
мүфтият, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (152)
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты
Вакцина салдырған қазақстандықтарға QR-код беріледі
Вакцина салдырғаннан кейін маска тақпауға бола ма – вице-министр жауабы
Мәжіліс депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Смартфон

Қазақстандықтар енді үйде отырып ақша таба алады

3
Қазақстандықтар мемлекеттік сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік сайттардың кемшілігі мен осалдығын анықтап, оны жоюға көмектескен қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтар сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады.

"Мұндай бағдарламалар көптеген ірі компанияда – Mail.ru, Яндекс, Uber, Google-да бар. Егер қандай да бір маман, хакер жүйенің осалдығын тапса, ол оны тапсырып, ақшалай сыйақы ала алады. Қазақстанда біз бірегей бағдарламаны іске қостық, мұндай бүкіл әлемде жоқ. Азаматтар барлық мемлекеттік жүйеде анықталған осалдық туралы хабарлай алады", - деді Холдас брифингте.

Ол Ұлттық банкпен бірлесіп BugBounty бағдарламасына барлық банкті қосу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

"Осал емес жүйе болмайды, тіпті пентагонның өзін бұзып жатады. Бірақ қалай да соны қорғау процесін ұйымдастыру қажет. Мәселен, өткен аптада зерттеушілердің бірі бүкіл қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге әсер ететін осалдықты анықтады. Мұның өзі осы бағдарламаның қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді", - деді орталық директоры.

3
Тақырып бойынша
Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі
Вакцина

Мамин президентке ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтты

35
Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді.

Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың нақты секторында орнықты дамудың оң қарқыны байқалады.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Ауруханалардағы жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған бөлімдердің – 41 пайызында, жан сақтау бөлімдердің – 27 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады. Қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған соң бетпердесіз жүруге бола ма – сарапшы пікірі 

Премьер-министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектің бір айлық, ал "СҚ-Фармация" қоймалары мен дәріханаларда екі айлық қоры жинақталған. Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектердің, қорғаныш құралдары мен шприцтердің үш айға жететін тұрақты қоры бар.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын жүзеге асыру және инвестиция тарту, экономика саласын одан әрі цифрландыру, Үкіметтің жұмысына озық цифрлық шешімдер енгізу, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланды.  

Президентке 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Онда Қазақстан үшін мұнай өндірудің тәуліктік көлемін қосымша 6 мың баррельге арттыруды көздейтін арнайы шарт келісілді. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша мұнай өндірісінде едәуір серпін болуы тиіс.

35
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (152)