Қоғам

Ділманов Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғандар туралы айтты

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Еңбек мигранттары шекарадан өту үшін, негізінен, Түркістан мен Жамбыл облыстарын таңдайтын көрінеді. Қазақстандықтардың да өзге ел шекарасынан заңсыз өтпек болған кездері тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Қазақстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғандар бойынша Орталық Азия елдерінің азаматтары бірінші орында. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сұқбат берген Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов айтты.

Еңбек мигранттары шекарадан өту үшін, негізінен, Түркістан мен Жамбыл облыстарын таңдайтын көрінеді. Қазақстандықтардың да өзге ел шекарасынан заңсыз өтпек болған кездері тіркелген. Алайда мұндай жағдай әлдеқайда аз.

Шекара қызметінің басшысы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің азаматтарды мұндай заңбұзушылықты жиі жасайтынын атап өтті.

Пандемия кезіндегі жағдай

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты шекаралар жабылған еді. Көптеген азаматтар еліне орала алмай қалды. Қазақстан мен Ресей шекарасында мигранттар жиналды. Кейін карантин шектеулері өзгеріп, Қазақстан шекарасын өту мүмкін болды. Шетелдіктер еліне жетті.

Жаңалықтар
0